Тағылымға толы, олжалы 30 жыл » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық
"Білім-инновация" лицей-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 21-24-92
Есепші бөлімі:
+7(7242) 21-24-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тағылымға толы, олжалы 30 жыл
17
ноябрь
2023

Тағылымға толы, олжалы 30 жыл

Ел Тәуелсіздігі тарихымен бірге жасасып, білім бәсекелерінде оза шауып, бәйге алатын шәкірттер шоғырын тәрбиелеп отырған «Білім-инновация» лицей-интернаттарының 30 жылда жеткен жетістіктері өте көп.

            Биылғы жыл-ерекше жыл! Себебі лицейіміздің 30 жылдық мерейтойы! 30 жылдық мерейтой үлкен көлемде аталып, түрлі шаралар болып өтті. Атап айтсақ 30 жылдыққа орай лицей ауласына 300 түп ағаш отырғызу; марафон; театрда үлкен шара, марапаттау; зәулім сарайда мерекелік дастархан, құттықтаулар 2023 жылдың мамыр айларында өткізілген болатын.

            Өткен шараға түлектер, бұрынғы, қазіргі ата-аналар, білім саласының басшылары, мектеп директорлары, ұстаздар, қонақтар қатысты. Ұстаз мәртебесін көтеріп, ұстаздарға және ұзақ жыл лицейде қызмет еткен түрлі саладағы қызметкерлерге құрмет пен сый-сияпат жасалды.

            2023 жылдың 16-18 қараша аралығында «Білім-инновация» лицейлерінің Астана қаласында өткізілген «Тағылымға толы, олжалы 30 жыл» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараларына лицейдің «ата-аналар комитеті», «әкелер кеңесі», «аналар академиясы», «қамқоршылық кеңес» мүшелері қатысты.