05
январь
2023
Мұхтар Ниязовпен кездесу
Желтоқсан айының 9 күні сағат 15:00-де лицей әкімшілігі мен өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен айтыскер ақын, Нартай Бекежанов атындағы драма театрының директоры, Сыр елінің тумасы, «Алтын домбыраның» иегері өткізілді. Кездесуге ата-аналар комитетінің мүшелері де атсалысты. Кездесу барысында көптеген тағылымға толы әңгімелер өрбіді. Көрерменді күлдіре отырып, ойға да батырарлықтай пікірлер айтты. Жырдан шашу шашылды. Ақынға құрмет көрсетіліп, шапан жабылып, алғыс айтылды.


