21
август
2026
Ел мерейін асқақтатып жүргенін мақтан тұтамыз
Елордада білім мен дарынды жастарды ұлықтаған ерекше күн өтті.
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесті. Еліміздің үздік жас зияткерлерінің қатарында Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 Қызылорда «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Мамадахунов Мансур да марапатталды.
Жетекшісі Жарқын Батыр шәкірт тәрбиелеудегі ерен еңбегі мен білім саласына қосқан үлесі үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Шапағат» медалін иеленді. Бұл — ұстаз еңбегіне берілген жоғары баға әрі шәкірт жетістігінің артында тұрған ұстазға көрсетілген зор құрмет.
Салтанатты кездесуден кейін «Білім-Инновация» ХҚК президенті Дархан Өте оқушымыз Мамадахунов Мансурды және оның жетекшісі Жарқын Батырды халықаралық олимпиадалардағы жоғары нәтижелері үшін марапаттады.
Оқушымыздың осындай биік деңгейде ел мерейін асқақтатып жүргенін мақтан тұтамыз!



