Лицей тарихы » «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернаты
Қызылорда облысы білім басқармасының
Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық
"Білім-инновация" лицей-интернаты
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7242) 21-24-92
Есепші бөлімі:
+7(7242) 21-24-92
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
май
2025

Лицей тарихы

№9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты Сыр бойының қабілетті, дарынды балаларына білім-тәрбие беріп отырған іргелі білім ордасы. Ел тәуелсіздігін алған уақытта ашылған лицей-интернат Қызылорданың дарынды жеткіншектерінің білімін шыңдап республикалық, халықаралық жарыстардан жүлделі орындар иеленуіне зор үлесін қосып келеді.
 
1993-94 оқу жылы Қызылорда қаласы әкімшілігінің №267 санды шешіміне сәйкес 1993 жылы мамыр айында Қазақ-түрік ер балалар лицейі ашылды. Жаратылыстану – математикалық бағытта білім береді. Математика, физика, биология, химия, информатика пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі.
 
Республикалық дарын мектептері желісіне еніп Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Қызылорда облысы әкімшілігінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы №245 қаулысы бойынша лицей «№9 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты» болып аталды.
 
2014 жылы 21 сәуірден бастап облыс әкімінің № 293 бұйрығы бойынша «Қызылорда облысының білім басқармасының «№9 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.
 
2017 жылы 7 наурызынан бастап «№9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты» болып атауы өзгерді.
 
2022 жылғы 1 наурыздағы № 495 «Облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес «№9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесіне С.Шаухаманов есімі берілді.