06
сентябрь
2025
IB(International Baccalaureate) Халықаралық бакалавриат бағдарламасының ерекшеліктері мен өту кезеңдері
Бүгін “Қызылорда облысының білім басқармасының “Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық “Білім-инновация” лицей-интернатында” алғашқы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында ата-аналарға мектебіміздің миссиясы, жаңа IB(International Baccalaureate) Халықаралық бакалавриат бағдарламасының ерекшеліктері мен өту кезеңдері түсіндірілді. IB бағдарламасына өтуді бірден қолдаған Қызылорда облыстық білім басқармасына және басшысы Есжанов Асқарбек Темірбекұлына алғысымыз шексіз! Сонымен қатар, мектебімізде жазда жасалған жөндеу жұмыстары мен I тоқсан жоспары таныстырылды.